"Неге дәрігер мен мұғалімдерге емес, әншілерге марапат береді?": Мемлекеттік марапат алған әншілер жауап берді

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше әншілер марапатталды. Олардың ішінде Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова мен Қайрат Байекенов те бар. Алайда, кейбіреулеріне жұрт сын көзбен қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әншілер

«Той әншілері инстаграм-парақшаларына тойдағы видеоларын жүктеуден, неше түрлі курорттар мен спаға барғандарын көрсетуден басқа халыққа және Тәуелсіздігіміз үшін не істеді? Өздері қолданбаса да неше түрлі заттарға жарнама жасағаннан басқа не бітірді? Олар ауыл-аймақтарды аралап концерт беріп жүр ме? Балалар үйінде тегін концерт өткізе ме? Олар халықаралық байқауларға қатыса ма? Осы неге мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігер мен медбикелерді марапаттамайды? Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлерін? Мұғалімдерді ше? Неге мұндай әншілерге марапат береді?», – деп жазды өз Facebook-парақшасында Бақыт Әбдіғалиев. 

Құрмет орденімен марапатталған Гүлнұр Оразымбетованы өзін мұндай атаққа лайық емес дегендерге жауап берді. 

«Көпшілігі жап-жас болып алып қалай алып жатыр деп ойлауы мүмкін. Мен жас емеспін. Сахнада жүргеніме 25 жыл болса, демек менің жасым 40-тан асты деген сөз. Сондықтан қырықтан асып осындай Құрмет орденіне ие болу деген ол өте дұрыс дүние деп ойлаймын», – деп жауап берді Гүлнұр Оразымбетова Revue NTK бағдарламасына.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағын иемденген әнші Тамара Асар да марапатына қатысты өзгелердің артық сөз айтпауын өтінеді. 
«Сен кеш алдың», «Әлі алмағансың ба?» деген сұрақтар қойып жатыр. Бірақ мен үшін уақыты келген сияқты. Мен сезініп алдым, қуанышпен алдым. Ешкімнен артық кеттім-ау деген ішімде бір кірбің болған жоқ. Ешқандай күмән болған жоқ», – дейді Тамара Асар. 

Талқылау
Пікір
Бекет
21 Жел, 19 жыл - 16:02

«Той әншілері инстаграм-парақшаларына тойдағы видеоларын жүктеуден, неше түрлі курорттар мен спаға барғандарын көрсетуден басқа халыққа және Тәуелсіздігіміз үшін не істеді? Өздері қолданбаса да неше түрлі заттарға жарнама жасағаннан басқа не бітірді? Олар ауыл-аймақтарды аралап концерт беріп жүр ме? Балалар үйінде тегін концерт өткізе ме? Олар халықаралық байқауларға қатыса ма? Осы неге мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігер мен медбикелерді марапаттамайды? Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлерін? Мұғалімдерді ше? Неге мұндай әншілерге марапат береді?», – деп жазды өз Facebook-парақшасында Бақыт Әбдіғалиев

=====================================

Бақыт дөп айтты! Ел ішінде осы пікірді қолдайтын саны ұшан-теңіз. Көк тиын салық төлемейді, халықты фонограммалармен алдап-сулап тиын-тебенін қағып алу, қазақта оннан тоғызы сондай әншілер. Қаншама талантардың бағы ашылмай жатыр....ол үшін билікте тума-туыстарың болу керек№

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның ІІМ-нің подполковнигін Ресейде өлтіріп кетті

Ер азаматқа белгісіз біреулер шабуыл жасаған

9 жасар қыз соңынан аңдыған күдікті ер адамды алдап кетті (видео)

Көптеген желі қолданушылар оқушыны тапқырлығы үшін мақтауда

Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

Олар ракқа қарсы әсер ететін жаңа рецепторларды тапқан

Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты түсініктеме берді

Бақауов екі айға қамауға алынған еді

"Мұсылман адамның қатыспағаны дұрыс": Крещение мейрамын қазақтар қалай атап өтті?

18-19 қаңтар өткен шоқыну мейрамында тек христиан дінін ұстанушылар ғана емес, сонымен қатар қазақ азаматтары да суға шомылды.

Қытайлық вирус енді Таиланд елінде табылды

Қытайға сапар шегіп келген Таиланд тұрғыны вирусты жұқтырыпты

Ми жұмысын жақсартудың оңай тәсілі анықталды

Күнделікті қабылданатын кофені жаяу серуендеумен алмастыруға болады

Зарплата 3000 долларов, очень чисто, пробок нет: Казахстанец рассказал о жизни в Китае

Қытайда індеттен көз жұмғандардың саны тоғызға жетті

Олардың барлығы ең алғаш вирус табылған аймаққа жақын жерде тұрған азаматтар екен

Жетістікке жетудің оңай тәсілдері айтылды

Тұрғындардың көбі жетістікке жетудің ең оңай тәсілі сәтті болу деп айтқан
Çàãðóçêà...