"Не істесе де жарасады": Қайрат Нұртастың сахнада айтқан бейәдеп сөзі желіні шулатты (видео)
Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртас жабық клубта ән айтып тұрып, бейәйдеп сөз айтып жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Әншінің айтқан сөзі TikTok әлеуметтік желісінде кеңінен таралып кетті. Жанкүйерлері оған тағы бір ән айтуды өтініп, шулаған. Өнер иесінің сөзін қаз-қалпында беруді жөн көрдік.
“Делай, да? Делай на**й! Білмеймін, делай деп жатыр ғой. Жібер!”, – деді әнші.
-
"Нақты күнін белгілемедік": Ернар Айдардың Батыс Қазақстан облысындағы концерті кейінге шегерілді
-
"Намазхан жігіттердің бәрі періште емес": Мөлдір Әуелбекова жас қыздарға кеңес айтты
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, әншінің айтқан сөзін абайсыздыққа балап, қатты сөкпеуге үндеді.
“Қайратқа не айтса да жарасады”, “Қайрекеңнің боқтайтыны жасырын емес”, “Абайсызда аузынан шығып кетті. Өзі де күліп жіберді”, “Не айтса да, аңыз адам”, “Харизмасы ұрып тұр”, “Өнер үшін жаратылған әнші”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.