Назарбаевтың екінші әйелі Астанада өткен сән көрсетілімінде бой көрсетті

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлдары Тауман мен Бәйкеннің анасы Әсел Исабаева Астанада өткен сән көрсетілімдерінің бірінде көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Kazakhstan Fashion Week аясында өткен Dinara Satzhan брендінің көрсетіліміне қатысқан.
Іс-шара өткен демалыс күндері Ұлттық музейде өтті. Көрсетілім қонақтары бірінші президенттің жұбайымен түскен суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Ал Әсел Исабаеваның Instagram парақшасы бөгде адамдар үшін жабық.
Әсел Исабаева – “Astana Ballet” театрының арт-менеджері. Театрдың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі тұжырымдамасының авторы.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Әсел Исабаева театрдағы қызметімен қатар, Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын да басқарады.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасы мен екі ұлының бар екенін мойындағаны хабарланған еді. Әсел Исабаева және оның екі ұлы – Тауман мен Бәйкен туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” атты кітабында алғаш рет жазған.
Ал 2025 жылдың шілде айының соңында Құрманбаеваның әпкесі Ақмарал Есполованың Дубайдан қымбат апартаменттері бар екені анықталды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Оқыңыз