Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған алматылық әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виолетта Паршина есімді желі қолданушысы Threads желісіндегі пікірлерде Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына “ақымақ”, “ауылдан келгендер” деп жазып, тағы бір жазбаға “оғбаған мемлекеттің жиіркенішті мақұлығы” деп жазып кеткен.

"Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Паршина полицияға жеткізілді. Қазір оның әрекеттері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды түрде бағаланып жатыр", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Еске салсақ, "ақымақ", "ауылдан келген", “мәмбет” деп қазақстандықтарға тіл тигізген алматылық әйел жұмыстан шығарылды.
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған
Толасыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты: Тұрғындар арық жүйесін сынға алды
Тұрғындар: "Қалаға жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін қайтарыңыздаршы"