"Ақымақ", "ауылдан келген": Қазақстандықтарға тіл тигізген алматылық әйел жұмыстан шығарылды

Желіде Алматы тұрғыны Қазақстанды "жексұрын мемлекет", Желтоқсан оқиғасына қатысушыларын "ақымақ", "ауылдан келген" деп тіл тигізген. Оның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "NewTimes.kz" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Виолетта Паршина есімді желі қолданушысы Threads желісіндегі пікірлерде Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына “ақымақ”, “ауылдан келгендер” деп жазып, тағы бір жазбаға “жексұрын мемлекеттегі жексұрын” деп жазып кеткен.
Желідегі жазбадан кейін қазақстандықтар жаппай мемлекеттік органдарға жүгініп, әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша жауапкершілікке тартуды талап ете бастаған. Бұл бап әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру үшін жаза қарастырады.
Артынша әйелдің Алматыдағы жарнама агенттігінде жұмыс жасайтыны белгілі болды. Қазақстандықтар аталған жарнама компаниясына, қызметкерінің жазбасы үшін, теріс пікір қалдырған. 2GIS сервисіндегі компанияның рейтингі бір тәулік ішінде күрт төмендеген.
Компания өкілдері даулы мәселеден кейін Виолетта Паршина жұмыстан шығарылғанын және ұйымға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады. Бұған дейін ол директор қызметін атқарған.
Алматы қалалық полиция департаментіне оқиғаға қатысты жауап бермеген.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ