Астана мен Алматыда Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқандар ұсталды
Астана мен Алматыда Қазақстан азаматтарының деректерін таратқандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен Астана және Алматыда қазақстандықтардың дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернетте сатып келген.
Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
Тінту барысында компьютерлік техника, электронды ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қазақстандық 22 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің емханада тіркеуде тұрғанын айтып шағымданды
Бойжеткен: "Бақилық болған адам қалай ХҚКО-ға барып ЭЦП алады"
Тазы мен төбеттің қазақ үшін қадірі неде және тұқымы қалай сақталып келеді
Соңғы жылдары Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау және олардың санын көбейтуге бағытталған жұмыс күшейген
