Назарбаевтың баспасөз хатшысы Елбасының жағдайы туралы айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы күндері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді және дәрігердердің айтқан кеңесін ұстанып, оқшаулану режимін сақтауда", - деп жазыпты Айдос Үкібай.
Бұған қоса, ол тұңғыш президент Мәскеуде Жеңіс күніне орай өткізілген парадқа қатыса алмағанын ата өтті.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды