Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Головкин-Альарес жекпе-жегін тамашалады.

file_1464067818_881417393

Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде Лас-Вегас қаласында өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мұндай оқиға қазақстандықтарды теледидар алдына жинайды. Бұл кездесу өте маңызды. Мексикалық Альварес те өте жоғарғы деңгейдегі боксшы”, – деп Назарбаев Ақордада қазақстандық және шетелдік журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында жекпе-жекті тамашалайтынын айтқан болатын.

Бүгін Головкин кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы – Сауль “Канело” Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасты. Төрешілердің шешім бойынша екі спортшы тең түсті.

Тағы да оқыңыз:

Головкин: Тең түскеніміз – менің кінәм емес, мен жеңілген жоқпын (видео)

Ардақ Назараров: Головкиннің тең түсуіне мексикалық беделді промоутердің ықпалы болып тұр

Головкин жекпе-жектен соң жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады

Талқылау