Назарбаев фракция басшысы қызметіне Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды
Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістегі "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының басшысы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
"Фракция отырысы барысында "Нұр Отан" партиясының төрағасы парламент мәжілісіндегі партияның фракция жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды", - деп жазды Айдос Үкібай.
Бұған дейін Нұрлан Нығматулин мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі қызметін атқарған.
Еске салайық, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының отырысына қатысып жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"