Найзағай ойнап, жел күшейеді: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болады.
"Шығыс Қазақстанның кей бөлігінде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел күшйеді. Бұршақ жаууы да ықтимал. Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігінде Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, осының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, шығыстан өзге өңірлерде ауа температурасы 30, 41 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды