Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NASA күн тұтылуы сәтінің видеосын жариялады

Дүйсенбі, 8 сәуір күні Солтүстік Америка тұрғындары сирек кездесетін табиғи құбылыс – Күннің толық тұтылуын бақылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: кадрдан скриншот

NASA ғарыш агенттігі бүкіл процестің бейнесін жариялады.

Күннің тұтылу шыңы Мексикада болды. Онда күн дискісінің 4,5 минутқа жуық сөнгенін байқауға болады.

Бұл құбылыс Солтүстік Америкада, Атлант және Тынық мұхиттарындағы аралдардың бір бөлігінде де байқалды.

Астрономдар дүйсенбі, 8 сәуір күні күннің толық тұтылуы Астана уақытымен сағат 23:17-де болатынын еске салды. Максималды фазасы – 1,029 және толық фазасының ұзақтығы – 4 минут 28 секунд.

Бұған дейін астрономдар 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 23:17 шамасында Күннің толық тұтылатынын мәлімдеген

Мамандардың мәліметінше, Ай мен Күннің тұтылуы – екі апта уақыт айырмашылығымен жарты жылда бір рет болатын құбылыс. Ай толғанда ай тұтылады, жаңа ай туғанда күн тұтылады. Мұндай құбылыс кезінде Ай, Күн мен Жер бір қатарға тұрады. Егер ортада Жер тұрса, Ай тұтылады. Ал ортада Ай тұрса, Күн тұтылады. 

8 сәуірдегі Күн тұтылуы кезіндегі Жерден Айға дейінгі арақашықтық – 353 321 шақырым. Ал Ай көлеңкесінің орташа ұзындығы 373 320 шақырым болады. Айдың көрінетін диаметрі Күн дискісінің көрінетін диаметрінен 1,0566 есе үлкен болғандықтан Ай Күн бетін толығымен жабады.

Талқылау