Нан арықтауға көмектеседі және қартаюдан қорғайды – Диетолог
Екінші сұрыпты ұннан дайындалған және бүтін дақылды нан артық салмақтан арылуға көмектесіп, диабеттің, атеросклероздың пайда болуыннан және ерте қартаюдан қорғайды. Бұл туралы Самара ғылыми зерттеу институты диетология мен диетотерапия директоры, дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға слітеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, қара және бүтін дәнді дақылды нанды жейтін адамдарда көміртек баяу қорытылады.
"Мұндай нан тамақтанудың жалпы калориясын төмендетеді, салмақ қосудан қорғап, егде жаста туындайтын диабет, атеросклероз бен ерте қартаюдың алдын алады. Арпа ұнынан дайындалған және дақылдар, қауыз бен шекілдеуік қосылған нанның пайдасы жоғары. Ол ағзаға ақуыз, В тобының дәрумендері, минералдарды сіңіреді", – деді Михаил Гинзбург.
Дәрігер нанның ағзаға кері әсер етуі де мүмкін екенін атап өтті.
"Нан жоғары сұрыпты ұннан дайындалса, тез қорытылады. Бұл – гликемиялық индексі жоғары өнім. Көміртектің тез қорытылуы қандағы қанттың көбеюіне және зат алмасудың бұзылуына алып келеді", – деп түсіндірді маман.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген