Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанда жаңа жылды тойлауға тыйым салынды

Түркіменстанда оқу орындарында жаңа жыл мерекесін тойлауды тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Upl.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: probuild-info.ru

Мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларды қалалық шыршаға апаруды ұсынады. Алайда билік әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдына шырша орнатуға тыйым салды.

Ел астанасы Ашхабадта ресми жаңажылдық шыршалар тек үш жерде орнатылды. Ал департамент ғимараттарының алдына қойылған шыршалар бөлшектеліп, рұқсат етілген көшелердің жекелеген учаскелері гирляндалармен безендірілген. Облыс орталықтарында бір-екі шырша ғана орнатылған. 



 

Түркіменстанда жыл сайын жаңа жыл келісімен дін өкілдері шіркеу қызметкерлерін "мұсылмандарға жат мейрамды" тойламауды ұсынады. Ал базарларда доңыз етін сату шектеледі. 

Осындай шектеулерге қарамастан Түркіменстан халқы мерекені тойлауға дайындалуда. Ауылдық жерлерде адамдар мал сойып, ет сатады. Аталған өнімді сағат 22:00-ден кейін сатуға тыйым салып, алкогольді сату қатаң бақылауға алынған. Бұл тыйым 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ашхабадта тәртіп сақшылары тұрғындарға мереке күндері жасаған тәртіпсіздіктері үшін жазалануы мүмкін екенін ескертуде.

Талқылау