Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұрнына масақ салған": Қарағандыда дәрігерлер бес жасар баланың өкпесінің бір бөлігін алып тастады

Қарағандыда 2022 жылы 160-тан астам сәби шеге, магнит, тиын, сырға мен сақина, ине, тіпті сымсыз құлаққаптарды жұтып қойған. Биыл оннан астам бала жеуге болмайтын заттарды жұтып, дәрігерлер құтқарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

заттарТүсірілімнен скриншот

Дәрігерлердің айтуынша, осы уақытқа дейін балалардың асқазанынан түрлі нәрселер алынған. Соның ішінде батарея мен инелер ең қауіптісі.

"Батареялар тотығатындықтан, өңешке кірген кезде асқазан батареяға жабысады. Онда реакция басталып, өңеш тесіледі. Ал инені жұтса, ол асқазаннан жүрекке жете алады. Жөтелгенде, қозғалғанда, жүгіргенде қозғалады”, – деді Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының эндоскопия кабинетінің меңгерушісі Медет Омаров.

Дәрігерлер ата-аналардан ұсақ заттарды алып тастауды және балалардың не жейтінін мұқият бақылауды сұрады. Қарағандыда бес жасар бала соның кесірінен мүгедек болып қалды.

"Масақты мұрнына салып жіберген. Ата-анасы не болмағанын түсінбей, ұзақ уақыт бойы олар пневмониядан емделді. Тіпті өкпенің бір бөлігін алып тастауға тура келді. Өйткені ол жерде бәрі іріңдеп, асқынып кеткен" – дейді Омаров.

Талқылау