Мұрынды қалыпқа келтіру үшін миллион теңге - Косметолог клиенттерге несие рәсімдеуге көмектескен
Сұлулық және денсаулық орталығының қызметкері клиенттеріне бетке ота жасау үшін несие рәсімдеуге көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.dreamstime.com
"М. есімді косметолог клиенттерге банкте бөліп төлеу арқылы косметологиялық қызметтерге жылдық абонемент сатып алуды ұсынған. Оған сенген клиенттер бірден келіскен. М. оларды банк қосымшасында тіркеп, онлайн режимінде бірнеше несиелік өтінімдер берген. Сосын ақшаны өз шотына аударған",- деді Өскемен қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде он екі жәбірленушіге 13 миллион теңгеден астам материалдық шығын әкелген. Сот 27 жастағы әйелді үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңа Конституция, пойыз билетінің бағасы, ипотека шарттары: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген