Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұндай сыйлық алған тарихтағы жалғыз әйелмін": Айнұр Тұрсынбаева күйеуінің тосынсыйын көрсетті

Танымал айтыскер ақын, коуч, психолог Айнұр Тұрсынбаева ғашықтар мерекесінде жолдасынан алған сыйлықты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Айтыскер ақын жолдасының туған жері Тараз өңірінде жүр. 

“Ғашықтар күні қарсаңында сыйлыққа күйеуінен үйітілген қой алған тарихтағы жалғыз әйел мен шығар?! Маған сыйлайды, өзі жейді. Осы дұрыс па?”, – деп жазды өнер иесі. 



Сонымен қатар айтыскер ақын психология саласына ден қойып, адамдарға терапия өткізіп жүр. Өткен жолы бай болудың құпиясын бөліскен еді. 

“Өмірді өзгертуге болады десе, сенбейміз. Кедей болып тудық, кедей болып өстік, кедей болып өмір сүре береміз деп ойлаймыз. Бірақ жан тәнімізбен бай болғымыз келеді. Бай болып жатқандардың әрекетін істегіміз келмейді. Сонда бізді байытпай, артқа тартып жатқан кім екен?! Өзіміз ғой, мойындайықшы”, – деп жазды коуч. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Бұған дейін, Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккендерге отбасы атынан 5 миллион теңге аударды.

Талқылау