"Мұнда анам мен әкемнің еңбегі қалды": Қайрат Нұртас қара шаңырағына барып, бала күнін еске алды
Қайрат Нұртас қара шаңырағына барып, бала күнін еске алды. Қара шаңырақтың киесі барын айтты. Жанына ыстық күндерін еске алды.
"Қаншама қызықты күндерімнің куәсі болған - Қара Шаңырағым! Бұл жерде Анашымның әр қабырғасын әсемдеп әрлеуі ,Әкешімнің қара домбырамен шырқаған әндері,екеуінің адал еңбегі қалды ! "Қара шаңырақтың орыны қашанда бөлек болады"- дегенді естуші едім.... Сонда аса мән бере бермейміз ғой... Десе де жасыңа жас қосылған сайын түсіне береді екенсің. Бүгін осы жерге келіп , көп қызықты сәттер есіме түсіп отырғаны", - деп жазды әнші.
Хитмен сағынышын өлең жолдары арқылы жеткізді.
Қараша жұртты көргенде
Көкейге көп ой түйесің
Қара шаңыраққа келгенде
Қара басыңды иесің
Он зәулім үйде тұрсаңда
Он жерде билік құрсаңда
Ұмытпау керек бауырым
Қара шаңырақтың киесін !
"Әркімнің ұлы сендей болсын, Қайрат жігіт. Тәрбиелі, салмақты жансың. Ата анаңа мың бір алғыс, осындай үлгілі ұл тәрбиелегеніне!", "Өскен жерің, балалық пен тәтті қылықтарың сол қара шаңырақтан басталды. Сондықтан ұмытылмайды", "керемет Сендей ұл асыраган ата анаңа алла разы болсын" , "Өте дұрыс Қайратжан!Ақылдым сол!Тек қана алға!", - деп жазды олар.
Қайрат Нұртастың әйелінің деңгейі төмендеп кеткен бе, әлде бұрыннан төмен бе?