Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдегі үшінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз италиялық боксшы Жанлуиджи Маланганы 4:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Мұхамедсабыр ширек финалда тәжірибелі, кубалық Эрисланди Альвареске қарсы жекпе-жек өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда олимпиада ойындарына жолдамаға ие болады.
Айта кетейік, бұл турнирде жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жектер өткізу арқылы жолдамаға ие болады. Қазақстан әйелдер құрамасында бір ғана жолдама болса, ерлер құрамасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі

