Мұғалім мен ұстаздың айырмашылығы
Қазақ тіліндегі ұстаз, мұғалім сөздерін қазақстандықтар бір-бірімен жиі шатастырады. Бүгінгі материалымызда осы екі сөздің айырмашылығына тоқталамыз.

Мұғалім - мамандық атауы, ал ұстаз — көркем тіл элементі, экспрессивті, эстетикасы күшейтілген сөз. Сол себепті ол көбіне көркем әдебиетте қолданылады.
"Ұстаз" сөзін адамның басқа біреуге қарым-қатынасы жайлы айтқанда қолданады. Мысалы, "Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан баб", "Ескендірдің ұстазы Аристотель".
"Мұғалім" сөзі жалпы мамандық, кәсіп атауы. Сондықтан оның қолданылу аясы ұстаз сөзіне қарағанда кеңірек.
"Мектепте ұстаз" емес, "Мектепте мұғалім" дұрыс болады. "Математика пәнінің ұстазы" емес, "математика пәнінің мұғалімі".
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"