Мұғалім де сол жерде болған. Ақтауда мектеп оқушысын сабақ кезінде ит тістеп алды
Ақтаудағы №5 мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде оқушыны қаңғып жүрген ит тістеп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Фото: lada.kz
Зардап шеккен баланың анасының сөзіне қарағанда, оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйелге мектептен хабарласып, оның баласын ит тістеп алғанын айтқан. Ол мектепке жеткен соң бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.
"Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім иттің мұндай екенін білмепті", – дейді Джульетта Жамиева.
Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, баланы ауруханаға өзі алып кеткенін айтты.
"Бұл оқиғаны бәріне жария еткім келеді. Еліміздегі маңызды мәселенің бірі. Ит қауып алғанынан 3 бала қайтыс болды, 81 бала жарақаттанды. Оның ішінде менің де балам бар", - деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі