Мүгедектікті дәлелдеу жолындағы қағазбастылық қашан жойылады? Еңбек министрлігі жауап берді
Қазақстанда мүгедектікті белгілеу жеңілдетіліп, ол процесс автоматтандырылмақ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта аталған процестердің барлығы автоматтандырылып, қағазбастылық жойылады.
"Ендігі уақытта өтініш беруші тек медициналық мекемелерге жүгінеді. Қалған процестер адамның қатысуынсыз ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеді. Яғни жәрдемақылар, әлеуметтік қызметтер және техникалық оңалту құралдары автоматты түрде тағайындалады. Қазірдің өзінде барлық қажетті ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүргізілді. Енді Денсаулық сақтау министрлігімен интеграцияны аяқтауымыз керек", - деді ол.