Мүгедек болып қалған: Қаңтар оқиғалары кезінде жараланған 300-ге жуық әскери қызметкер мен полицей қызметін жалғастыра алмайды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 300-ге тарта әскери қызметкер мен полицей өз қызметін жалғастыра алмайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, құқық қорғау органының қызметкерлері қаңтар оқиғалары кезінде ауыр жарақат алды, соның салдарынан мүгедек болып қалуы мүмкін.
“Полицейлерді жерге құлатып, таяқпен, каскамен, қолға түскеннің бәрімен ұрған. Барлығы күш құрылымдарының үш мыңнан астам қызметкері зардап шекті, олардың 273-і әлі аурухана төсегінде жатыр, кейбірі жансақтау бөлімінде. Өкінішке қарай, олар енді жұмыс істей алмайды, мүгедек болып қалды деуге болады", – деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Қарапайым халықтың ішінде екі мыңға жуық адам ауруханаға жүгінген. 600 адамда – оқ жарақаты, 500-ге жуық адамда пышақ және тағы басқа үшкір затпен жаншылған жарақат.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі