Mudarabah Capital ісі: Аппеляциялық сот вайнерлерге шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
Белгілі блогер әрі вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың жаза мерзімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/meirzhach_tv/make_sakevich
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық сотқа шағым түсірген еді. Алайда сот Mudarabah Capital және Astex.kz қаржы пирамидаларына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
”Сот алқасы тараптардың арызы мен айғақтарын зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға еш негіз жоғын айтты. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Сот сотталушылардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады”, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді. Қылмыстық іс бойынша 10 адам сотталды. Оның ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та бар.
Сот үкімімен:
- Алмас Құрманғалиев 14 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Дания Рахимова 10 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Ержан Мансұров 9 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Ерлан Мансұров 9 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Руслан Бұрқанов (Mudarabah Capital ЖШС директоры) 12 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Нұрлан Сұлтанбаев 8 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Андрей Ча 8 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Самат Қасенов 8 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Мейіржан Төребаев 5 жыл бас бостандығынан айырылды;
- Мейірхан Шерниязов 5 жыл бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған қазақстандық көз жұмған қырғыз азаматының төлқұжатын пайдаланғанын жазған едік.