"Моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған": Алматыда 20 жастағы қызды зорлады деген күдіктілер ұсталды
Алматыда жігіттер ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып жіберген. Сосын бойжеткенді ұрлап әкетіп, зорлаған. Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін 300 мың теңге ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: egov.press
Алматы қаласының полиция басқармасы аталған факті қымыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау әрекеті) бойынша тіркелгенін растады.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны туралы да тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.
"Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз болмайды", - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер қылмыстық кодекстің 201-бабында көзделген негіздер бойынша жария етуге жатпайды.