Моңғолия президенті мемлекеттегі зейнеткерлердің несиелерін сызып тастады
2020 жылы өтетін парламент сайлауына байланысты Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга мемлекеттігі барлық зейнеткердің несиелерін сызып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолия басшысының бұл жомарттығы президенттің ресми бейне үндеуінде айтылыпты. Мемлекеттегі несиесі бар зейнеткерлердің саны 200 мыңға жуық екен. Алдағы уақытта олардың барлығының қарызы кешірілетін көрінеді.
"Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі мемлекеттегі зейнеткерлердің несиелік қарыздарын кешіру туралы шешім қабылдады", - депті Халтмаагийн Баттулга.
Дегенмен Моңғолиядағы мұндай шешімдерді қабылдау ұлттық қауіпсіздік кеңесінің емес, парламенттің құзырында көрінеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды