Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель Динагүл Тасова: Пластикалық ота жасатқан соң қатты өкіндім, шашым түсіп ауыра бастадым

Кейінгі уақытта елімізде сұлу болып көрініп, талдырмаш денесімен көпшіліктің көзіне түсу үшін пластикалық операция жасататын жандардың қатары көбейген. Тіпті, бұл шаруаға арнайылап бір емес 5-6 миллион теңгесін аямай құятын нәзік жандар да бар екен.

Модель Динагүл Тасова: Пластикалық ота жасатқан соң қатты өкіндім, шашым түсіп ауыра бастадым

Ажарлы боламын деп жүргендердің көздегені қандай? Мамандар клиникаға бармас бұрын нені білуді талап етеді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Қалтаңда ақшаң болса, төсіңді үлкейтіп, бұлаң-бұлаң етіп жүретіндей бөксеңді үлкейткің келе ме? Оның шешімі бар! - деген жарнамаларды күнделікті желіден көруге болады. Мамандар пациенттерде барлық жағдайды жасап қойыпты. Тіпті, бөліп төлеуге дейін бар. Осыны естіген кейбір жандар әдемілік әлеміне ойланбай аяқ басады екен.  

«Ең қиыны пациентке түсіндіру сенің анализің жарамайды операцияға деп. Неге? Себебі бізге енді шартты түрде сау адамдар келеді. 100 пайыз сау адам болмайды ғой. Шартты түрде сау адам өзінде сырқат бар деп есептемейді. Біз сол кезде сырқат тапқан кезде сол жатқары қиыншылық болады.  Екінші қиыншылық ең басында бастау», - дейді хирург Шыңғыс Сабазбеков.

Пластиканың не екенін, «до и после» дегенін бір кісідей меңгеріп алғандардың бірі  - Динагүл. Қандай операция жасатсаң да алдымен ойланып-толғанып барып шешім қабылдау маңызды екенін алға тартады.

«Бір апта, екі апта өкіндім қатты басында. Өйткені ауырды. Анастезия кете бастады. Шашың түсе бастайды. Операциядан кейінгі организмнің кезеңдері болады. Қабылдамауы мүмкін. Не болмаса наркоз тарағаннан кейін гармоналды бұзулы болуы мүмкін», деді модель Динагүл Тасова. 

Операция жасату орталықтары бизнес ретінде елімізде күн санап дамып келе жатқаны жасырын емес. Түрлі қызметті ұсынып өз тұтынушыларын жинап жатыр. Хирург Әлімжан Романкулов бағаға емес, сапаға мән беру керек екенін ескертеді. 

«Бірінші операция жасайтын хирургтің  білім-біліктілігін ұялмай түгел сұрау керек. Одан кейін клиниканың сапасына да мән беру маңызды. Жасаған жұмыстарының нәтижелерін бір қарап шығуды қаперде ұстаңыз. Операцияға дейін және кейін қандай болды екен? Пластика деген ойыншық нәрсе емес», - деді пластикалык хирург Әліман Романқұлов. 



Операция жасатамын деп шешім қабылдайтындардың психологиялық портреті қандай? Ақгүл Молдабекова бала күннен мазақ көрген не мейірімге шомылмаған жандар ертелі кеш пластикаға бет бұруы мүмкін. 

«Мұны жасатқаннан кейін адам сол факторларға қанағаттана қояды деп айту қиын. Себебі, іштей қанағаттанбаған нәрсе, ол сырттан қанша мүсіндесең де бәрібір жаны жәй таппайды. + Комплекс қай уақытт пайда болады? Адам назар аудармағанда, ата-анадан не жарынан махаббат алмағанда ол ойлайды түрім мынадай келбетті болса ортада өз орнымды таба аламын дейді», - деді психолог Ақгүл Молдабекова. 

«Әлемді әдемілік құтқарады. Бірақ сол әдемі болу үшін бірқатар құрбандық та қажет» деген ұранды көбіңіз білесіз. Білген өз алдына соны өмірлік ұстанымына айналдырғандар да бар екен. Жақында астанада бір бойжеткен 6 миллион теңгеге құлағына, мұрнына, көзіне, иегіне, екі ұртына ота жасатып, бөксесін үлкейткен. Мұндай мысалдар көп екен.

«Қазір адамдар пластикалық операцияға ақша аямайтын болған. Бір келгенінде бірнеше отаның түрін жасап тастай алмайсың. Олай болмайды да. Тек қана ол әйел емес, қомақты қаражат құятындар баршылық. Көзінің үстін, құлағын өзгертеді, мұрнын өзгертіп, ернін үлкейтеді.  Осылай кете береді. Салыстырмалы түрде алып қарағанда Қазақстанда пластика жасату арзан», - деді хирург.

Қазақстандық хирургтарды қойып, шетелден бірақ әдемі болып келемін дейтіндер де бар. Егер бір азамат бірқатар операция жасатып, жүзі куәлігіндегі фотоға ұқсамаса заңгер шекара асарда мына кеңесті қаперде ұстау керек, дейді:

«Пластикалық операция жасаған адам міндетті түрде сол мекемеден, сол клиникадан өзінің бүрынғы және қазіргі түр әлпетінің фотосын және клиниканың мөрі қолы қойылған құжат не анықтама алуы керек. Осы анықтама және куәлік екеуін қатар қарап өткізуші орган шекара немесе басқа жерде адамның бет әлбетін анықтай алады», - деді заңгер Ержан Болатбек.

Ислам дінінде егер амалсыз, кемшілікті жөндеу керек болса иә болмаса медициналық мақсатта қажеттілік туса онда пластикалық операцияға рұқса етілетінін білдік. Ал сұлулықты қуған жандарға... 

«Мұрнының пішінін өзгерту, омырауын кішірейту, үлкейту, әжім кетіру үшін бетін тарту, бұған бірқатар ғұламалар тыйым салады. Себебі ол Алла тағаланың жаратылысын өзгертумен тең», - деді ҚМДБ шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі. 

Әрине, пластикаға жүгіну-жүгінбей әркімнің өз шаруасы. Оны мақтауға не даттауға ешкімнің құқығы жоқ екені белгілі. Мамандар азаматтарға  артық қыламын деп тыртық қылудан сақтануды айтады. Әдемі боламын деп жүріп бойыңызды бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Тиынның екінші жағы барын да ұмытпағайсыз.

Талқылау