ММА жаттықтырушысы мен үш бала көлікпен бірге суға батып кете жаздады
Дағыстанда "Приора" көлігін тізгіндеген жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Оларды уақытында шығарып үлгергенімен, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Кадрдан алынған скрин
Көлікті ММА жаттықтырушысы басқарған. Ішінде оның үш шәкірті болған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Priora суға түсіп кеткен. Жаттықтырушы мен бір бала өздері шыққан. Бірақ екі шәкірт көліктің ішінде қалып қойды.
Маңайда жүрген адамдар көмекке келіп, ес-түссіз жатқан балаларды құтқарып қалды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар