Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді
Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпарат" сайтына сілтеме жасап.

"Менің көмекшілерім азық-түлік сатып алмайды, олардың өз жұмыстары бар. Әйелім бәрін өзі сатып алады, бірақ кейде жұмыстан кейін мен үйдің жанындағы дүкеннен сүт пен нан сатып аламын", - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ОКҚ-да журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Өз кезегінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов супермаркеттерге баратынын айтты.
"Қазір мен қай дүкеннен азық-түлік алатынымды жарнама болмас үшін айта алмаймын - баратын дүкен үлкен. Мен оған соңғы рет бардым, бірақ жүргізуші ретінде. Өнімнің бағасын айта алмаймын, әйелімді алып кетіп, бағаларға мән бермедім", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?