Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Жаслан Мәдиев Парижде ұсталған Дуровты қолдап жазба жариялады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Францияда ұсталған Телеграм желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты қолдап, желіге жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауымды білдіргім келеді. Сенбі күні Павелдің француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталғаны хабарланды”, – деп жазады ол.

Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын атап өтеді. Дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шешкенін айтады. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді дейді ол.

“Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және Telegram-мен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз. Сонымен қатар, Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстанд1-ық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған "IQanat" жобасының қамқоршыларының бірі болып, $365 000 сомасына 12 грант бөлді. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысты.

Мен Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризамын. Аталған жағдайдың тезірек шешілуіне үміттенеміз, – дейді Мәдиев.

Сенбі күні кешке Францияда Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды. Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, ол жергілікті құқық қорғау органдарына қырын қарап, Telegram-да модерацияның болмағанына байланысты ұсталған.

Талқылау