Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Карантиннің жеңілдетілуі маусым-шілде айларына тұспа-тұс келеді

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантин шаралары қашаннан бастап жеңілдетітінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агентттігі. 

Сөзінше, жұмыстың қайта жандануы 2020 жылдың төртінші тоқсанында басталады. Министр мұның барлығы еліміздің эпидемияологиялық жағдайға байланысты екенін айтады. 

"Біздің ойымызша карантин шаралары толығымен маусым және шілде айларында жеңілдетіледі. Ал жұмысқа қайта кірісу осы жылдың төртінші тоқсанына тұспа-тұс келгелі тұр. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан (төтенше жағдайға дейін), 5,9%-ға көтерілуі ғажап емес", - деді министр. 

Айтуынша, жұмыс нарығының жағдайы карантин біткеннен кейін реттеледі екен. 

"Жұмысқа қайта кірісу үрдісі қиынға соғады деп оайламын. Десек те еңбек министрлігі тарапынан болжамдар жасап қойдық", -деп қосты ол. 

Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда карантиндік шаралар маусым айының соңына дейін жалғасатынын айтып кеткен еді. 

Талқылау