Қазақстанда ескерту жазасын қоғамдық жұмыстарға ауыстыру ұсынылды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысында ескерту жазасын қоғамдық жұмыстарға ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен тағайындауға рұқсат етілген. Сондықтан "ескерту" сияқты жазаны "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыруға болады.
“Бұл құқықбұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация деп санаймыз", - деді ІІМ басшысы.
Марат Ахметжанов қазір әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін қарап жатқанын сөз етті.
“Ал әкімдер қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін анықтап, жұмыс орындарын дайындауы қажет”, – деді ол.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты
Жәбірленушінің денесінен сызат, көгерген іздер мен жарақаттар анықталмаған
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"