Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Астана әуежайы не себепті араб компаниясының басқаруына берілгенін түсіндірді

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайы неліктен БАӘ компаниясының басқаруына берілгенін түсіндірді. Шетелдік инвесторға қандай міндеттер қойылатынын да айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарабаев шетелдік инвестордың халықаралық әуежайларды қамтитын бүкіл әлем бойынша ірі холдингтері бар екенін айтты.

“Abu Dhabi Ports – жолаушылар ағыны 28 миллион адамды құрайтын ең ірі әуежайлардың бірі. Оның менеджменті өте жоғары және дәл осындай әуежайлардағы стандарттар Астанада да дамитын болады. Жаңа басқарушы компаниялардың келуімен сервис пен менеджменттің мүлдем басқа деңгейі болады. Бұл өте маңызды”, – деді Қарабаев.

Министр әуежай шетелдік компанияға беріледі деген сөз емес деді. Ең алдымен компанияға нақты міндеттер қойылып отырғанын айтты. 

“Бірінші кезекте – ұшу-қону жолағын толық жөндеу. Осылайша, республикалық бюджетке түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады. Ал бұл ақша бюджеттен халықтың қажеттіліктеріне жұмсалады. Екіншіден, олар аэровокзал кешенін жөндейді. Үшіншісі – алаңқайда үлкен аквахаб құру. Аквахаб – жерде барлық жүктер бір жерде жинақталады, белгілі бір тарату жұмыстарынан өтеді және нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Бұл мәселелерді араб инвесторымен талқылаймыз", – деп атап өтті Марат Қарабаев.
 

Талқылау