AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Оралда міндетті вакцинацияға қарсы митингке шыққандар бес тәулікке қамалды

Орал қаласының екі тұрғыны әкімшілік соттың шешімімен "заңмен белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген көпшілік іс-шараға қатысқаны үшін" бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская Неделя басылымына сілтеме жасап.

Демалыс Бисекешев пен Батырбек Ажғалиевке қатысты сот отырысы жұма күні 16 шілдеде өтті.

Жұмыс киімімен ұстаған Бисекешевті киімін ауыстыруға мүмкіндік бермей полиция бөліміне алып барып, сол жерде оған қатысты хаттама жасалған.
Бисекешев бұл айыптауды жоққа шығарып, әр азаматтың сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар өткізуге құқығы бар екенін айтты. Бірақ сот оның дәлелдерін ескермей, оны бес тәулікке қамауға алуды тағайындады.

Бейбіт акцияның тағы бір қатысушысы Батырбек Ажғалиевке оқиға болған күні тек ертерек осындай жаза тағайындалған. Бұл туралы Азаттыққа оның қарындасы Муслима Ақмамбетова хабарлаған.

– Ол таңертең 7:30-дар шамасында жұмысқа шықты. Сәлден соң маған хабарласып, оны ұстап алып кеткенін айтты. Ағамды үйдің жанында немесе аялдамада күтіп тұрды ма оны білмеймін. Телефон арқылы сөйлескенде ол қамауға алынғанын айтты, – деді Муслима Ақмамбетова. 

Әкімшілік соттың баспасөз қызметі Батырбек Ажғалиевтің 488-баптың 6-бөлігі бойынша бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын растады.
13 шілдеде бірнеше тұрғындар Мәншүк Мәметова алаңының қоршалған қоршау маңына жиналып, жұмыс берушілер міндеттейтін коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдыруды тоқтату туралы талап қойды.

Қазақстандықтарға бейбіт жиналыстар бостандығына елдің Конституциясы кепілдік береді. Мұндай іс-шараларды өткізу тәртібін реттейтін және былтыр қабылданған жаңа заң, атап айтқанда, акцияны ұйымдастырушылардан жергілікті әкімдіктерге хабарлама жіберіп, "мақұлдауды" күтуді міндет етеді. Осы заңға сәйкес іс-шаралар, тек белгілі бір жерлерде, көбінесе елді мекеннің орталығынан қашықтықта жүргізілуі керек. Әкімдіктің "мақұлдауы" болмаған жағдайда, іс-әрекеттер "заңсыз" деп танылып, олардың қатысушылары жауапкершілікке тартылады.  

Бұл заңды көптеген жетекші халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен сарапшылар қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын шектейді және бұзады деп сынайды.     

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр