Миллион еуро қайырымдылыққа: Сербия футболшылары сыйақыларын науқас балалардың еміне жұмсады
Футбол әлем чемпионатының іріктеуінен өткен Сербия құрамасы сыйақы ретінде алған миллион еуроны қайырымдылыққа беретінін мәлімдеді. Футболшыларға сыйақы беруге ел президенті уәде еткен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңінде Португалияны 2:1 есебімен жеңген Сербия әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Бұған дейін Сербия президенті Александр Вучич іріктеу кезеңіне өтсе, миллион доллар беретінін мәлімдеген. Сыйақы Футбол федерациясының есепшотына бірден түскен. Бірақ команда қаржыны қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдаған.
Сербия топтық кезеңде 20 ұпай жинап, чемпионатқа жолдама жеңіп алды. Ал Португалия 17 ұпаймен екінші орынды иеленді. Роналду бастаған португалиялық команда чемпионатқа өту үшін тағы бір матч өткізуі керек.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан