Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын бейнебаянға түсірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев ұзақ уақыттық үзілістен кейін тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Ол ел арасында кеңінен тараған "Өмір өтті" атты туындысына клип түсіріп, оған балаларын түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бейнебаянда басты рөлді Мейрамбектің ұлы Абухайыр мен танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов сомдаған. Сондай-ақ әншінің қызы Кәусар фортепианода ойнаған.

"Бұл ән 2009 жылы жарыққа шықты. Керемет әннің дүниеге келуіне себепкер болған Саят досым (Медеуов) мен сазгер Бағлан Омаров ағам. Тамаша ән үшін Бағлан аға сізге мың алғыс. Сөзін жазған аға досым, марқұм Есенқұл Жақыпбеков ағам тыңдап, оң бағасын беріп еді... Көптен бері осы әнге тарихи бір жақсы дүние түсіруді армандап жүрдім. Бүгін, міне, шүкір сол арманым орындалды.



Осы туындының режиссері Теменов Талғат ағама, өтінішімді жерге қалдырмай басты рөлді сомдап берген, қазақ өнерінің мэтрі Тұңғышбай Жаманқұлов ағама және түсірілім тобына, атсалысқан достарыма, іні-қарындастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Береке бірліктің арқасында тамаша туынды өмірге келді деп ойлаймын", – деп қуанышты хабармен бөлісті әнші Instagram-да.

Тыңдармандар өнер иесінің жаңа туындысын жылы қабылдады.

"Керемет бейнебаян құтты болсын! Абухайырға әкесінің керемет өнерін берсін Алла жар болсын!", "Өміріміз өтіп жатыр аққан судай жылжып ағып шынымен шіркін! Керемет өлең!", "Екі дәуірдің тоғысқан сәті. Кинодан үзінді сияқты. Клип құтты болсын!", "Абухайырдың өнердегі қадамы құтты болсын! Тек қана ақ жол! Керемет туынды", – деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр