Мешітте берілетін неке куәлігі құжат емес, естелік қана – Нұрлан Имам
Әлеуметтік желідегі белсенділігімен танымал Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов некені мешітте қиғызуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі xабарлайды.
Фото: instagram/nurlanimam.kz
Имамның айтуынша, неке Қазақстан заңнамасына сай тіркелу үшін АХАТ бөліміне барып тіркелу қажет. Ал мешітте неке қиғызу бұл рәсімнің баламасы бола алмайды.
"Елімізде мешіттерде жүргізілетін діни неке қию рәсімі діни жоралғылардың санатына жатады. Қиылған некені куәландыратын неке куәлігі некелесушілерге тек естелік ретінде ғана беріледі. Ол куәлік Қазақстан Республикасы, АХАТ бөлімімен берілетін неке құжатына тең келетін дәрежедегі заңды күшке ие емес. Осыған орай, еліміздегі барлық мешіттердегі неке қию рәсімі тек қана АХАТ бөлімінің тіркеуінен кейін жүргізіледі. Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады", – дейді Нұрлан Асанов.
Талқылау

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
Киностудия биыл толықметражды "Алтын адам" анимациялық фильмі аяқталғанын атап өтті

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
Кейіпкер: "Жылылықты таппаса екіншіні, үшіншіні, тіпті төртіншіні де іздей бастайды"