Мерей Абилованың сіңлісі анасына 60 миллион теңгелік сый жасады
Фото: instagram.com/abilovva__erke
Танымал блогер Мерей Абилованың сіңлісі Еркеназ анасына су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында небәрі 20 жасында анасына көлік жаңартып бергенін айтып, қуанышын жасырмады.
“Аллаға шүкір, 20 жасымда анашыма көлік жаңартып бердім. Өзімнен бұрын анамның қуанып, жаңа көлік айдағанын көру мен үшін ең үлкен бақыт. Бұл оның маған берген еңбегінің кішкентай қайтарымы ғана. Баршаңызға да ата-анаңыздың қуанышын көру бұйырсын. Осы көлік тек жақсы жолдарға жеткізсін”, – деп жазды ол.
- Блогер Мерей Абилованың жұбайы, футболшы Димаш Қашкен ұлттық құрамаға шақырту алды
- "Қонақүйде тұрғандай сезінеміз": Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар шашқа арналған сусабын шығарған блогер Мерей Абилованы сынап тастағаны хабарланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар