Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мереке Қалбаева өзінен алты жас кіші күйеуіне үш сағатта ғашық болып қалғанын айтты

Жайдарманшы Мереке Қалбаева өзінен алты жас кіші күйеуімен алғаш танысқан кезін еске алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/merekusha.k

“Жайдарманның қыз-жігіттерімен түсірілім болып жатты. Арасындағы сәл “танымалы” мен. Сөйтіп есіктен екі кішкентай бала кіріп келді. Әзілдеп: “Мына екі бөпе кімдікі?” дедім. Бір сағаттан кейін ана жігіт маған көз алдымда есейе бастағандай көрінді. Үш сағаттың ішінде ғашық болып қалдым. Арсен мені салмақтылығымен, мінезімен баурап алды. Менің ойымша, мінезсіз жігіт, жігіт емес. Аллаға шүкір, тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға бес жыл болды. Жақында үшінші сәбиіміз дүниеге келмек”, – дейді Мереке.

Сондай-ақ, ол Арсен екеуінің үйленуіне анасы мен інісінің қарсы болғанын айтып қалды.

“Күйеумнің жағынан бір адам қарсы болмады. Керісінше, анам мен інім маған ренжіп, жарты жыл араласпай кетті. Анам негізі жұрттың сөзін тыңдай беретін адам емес, інім өте намысшыл. Екеуіне де кәм не десе де, өзім жауап беретінімді айтып, түсіндірдім. Әкеме өзімнен алты жасқа кіші жігітке тұрмысқа шағытынымды айтқанда әкем: “Алпыс жас кіші болса да тиші” деді”, – деп күлді ол.

 

Талқылау