Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің сізге жаным ашымайды": Қазақстандық ғалым Қайрат Құдайбергенге жауап берді

Назарбаев университетінің жас ғалымы Дана Ақылбаева кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге жауап берді. Айтуынша, бойжеткеннің вакцинацияға қарсы шыққан адамға мүлдем жаны ашымайды екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ғалым

Өзінің Қайрат Құдайбергенге арнаған видеоүндеуін жас маман Instagram желісінде жариялапты. 

"Сәлем, Қайрат Құдайберген. Мен сіздің жылағаныңыз түсірілген видеоны көріп шықтым. Менің көзім бұл бейнежабаны көріп ауырып кетті, сіздің түріңіз көз алдымнан кетпей қалды. Сіздің жылап жатқаныңызға қуанып отырмын. Қазақтың азаматтары көз жасын жасырмайтынына қуаныштымын. Бірақ менің сізге жаным ашымайды", - дейді маман. 

Сондай-ақ ол Құдайберген халықты маска тақпағаны үшін жауапсыз деп сөккенін мысалға келтірді. Сөзінше, біраз уақыт бұрын кәсіпкер вакцинацияға қарсы шыққан көрінеді. 

"Егер сіз көшеге маскасыз шықсаңыз, ауруды басқаларға жұқтыратыңызды түсініңіз. Ал індетке төтеп бере алмайтын адамдар, тіпті, өліп кетуі де мүмкін. Маска тағу мен оқшаулану - ең дұрысы. Бұл жауапкершілігі жоғары шешім. Ал вакцинация - ол да бір маска", - деп қосты ол. 

Бұған қоса ғалым кейбір адамдар мен балалардың иммунитеті әлсіз екенін алға тартып, олар үшін вакцина маңызды сақтық шарасы деп түсіндірді.

Сөздің соңында жас маман Қайрат Құдайбергеннің тезірек сауығуын тілеп, екінші жыламауын өтінді. 

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Ол халықты сақ болуға шақырып, видеоүндеу жариялаған. 

Талқылау