Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Мені тозақ күтіп тұруы мүмкін": Арман Шораев өмірде өкінетін әрекеттері бар екенін айтты

"Қазақстан барысы" ұлттық күрес турнирінің ұйымдастырушысы, КТК арнасының бұрынғы басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Шораев қазіргі саясаттағы тұлғаларға көңілі толмайтынынын айтады. Сондай-ақ жас күнінде жасаған көп қателігі үшін әлі күнге дейін өкінетіндігін, сол үшін тозақ күтіп тұруы мүмкін екендігін айтып қалды. Бұл туралы Арман Шораев Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

арман Шораев

Арман Шораев Ұлттық кеңеске мүше болудағы мақсаты туралы: 

"Билікпен диалог құрудың тура, төте жолы осы. Жаңа президентімізбен кездесіп, талқылап жатырмыз. Бірақ ол кісінің де қолы қысқа. Ең үлкен билік Елбасының қолында", - деп қысқа қайырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше ықыласының себебін сұрағанда: 

"Ол кісі мені жақсы көреді деп айта алмаймын. Өйткені бірнеше жерде сынап, пікір айтқан кездерім болған", - деді ол.

"Неге қорқуым керек? Жасым 50-ге таяп қалды, менің де беделім бар. Конституцияда сөз бастандығы бар. Ешқандай заңды бұзып жатқан жоқпын. Ол кісі де халыққа қызмет істеп жүрген шенеунік. Сондықтан бұл кісіге еліміздің әр азаматы сын айта алады", - деп пікірін ашық айтты Шораев қорқыныш туралы. 

Сұхбат барысында жүргізуші жұмақ пен тозаққа сенесіз бе деп сұрағанда сенетінін, бірақ жұмаққа қарағанда тозаққа баруы мүмкін екенін айтты. Себебі:

- Соншама жақсылық істедім деп таразыға сала алмаймын. Бала кезімнен талай төбелестің бас кейіпкері болдым. Қанша жақ сындырып, қанша тіс қақтым. Сондай бұзық азамат болдым. Осы күнге дейін жасаған іс-әрекеттерім үшін ұяламын, - деп айтып қалды. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қаңтар, 2020 14:08
Талқылау