"Мені өзіңмен салыстырма": Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актердің жазған хатын жариялады
Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі, блогер Фариза Алмаз жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Желі жұлдызы таңғы 4-те бұрынғы күйеуінің жазған хатын жеке парақшасында жариялады. Актер балаларының анасының үйсіз жүргенін бетіне басқан.
“Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ, жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар”, – деп жазған актер.
Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді.
“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа, отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деп жан сырын ақтарған еді киножұлдыз.
Фото: https://www.instagram.com/fariza.almazovna/
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті