"Мені қаралап, жала жапты": Әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына ұшырағанын айтты
Әнші Мақпал Исабекова өзін жақындары сатып кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/makosyai
Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Сатқындық алыстан келмейді. Олар әрқашан жанымызда, кейде соншалықты жақын, біз күтпеген жерден келеді”, – дейді әнші.
Ол барлығын алдын ала сезгенін, бірақ ішкі түйсігіне сенгісі келмегенін айтады.
-
"Алтын көрсе періште жолдан таяды": Жазира Байырбекованың жазбасы көпшілікке ой салды
-
"Орамалдағы қыз көнер": Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді (видео)
“Түрлі сылтаумен мені қаралап, артымнан сөз айтып, ғайбаттап, жала жауып, кейін менімен бір дастархан басына жайбарақат отырғандар, мен сіздерді білемін. Мен сіздердің менің адамым емес екендеріңізде сезгенмін. Мұны осы жасымда ғана түсінгенім өкінішті, сіздермен араласу қымбат уақытымды босқа өткізу болды. Басқалардың өмірін ойламай, тек өз өміріңізлеріңізбен айналысатындай бақытты өмір сүріңіздер. Өйткені, нағыз бақытты адамдар әрқашан мейірімді болады", – дейді Мақпал Исабекова.