"Мен жаңа жұлдызбын": Қазақстандық файтер Асу Алмабаев алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Қазақ спортшысы Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Нэшвиллдегі турнирде Асудың қарсыласы америкалық Ауди Осборн болды. Екінші раундта жерлесіміз қылқындыру әдісін қолданып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.
29 жастағы Асудың ММА-дағы жаңа рекорды 18-2. Қазақстандық қатарынан он төртінші жекпе-жегінде жеңісті нәтиже тіркеді.
Оди Осборн бұған дейін 8 рет жекпе-жек алаңына шығып, төртеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліске ұшыраған. Ал Асу Алмабаев (UFC-ге дейін 18-2) жекпе-жектен кейін "өзін жаңа жұлдызбын" деп таныстырды.
Қоса кетейік, жақында ғана тағы бір қазақстандық Азат Мақсұм да ММА-дан әлемнің үздік ұйымындағы жолын жеңіспен бастаған болатын.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі