Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мен не істеп, не қойғанымды жақсы білемін": Арыс әкімі жер заңсыз сатылды деген қауесетке жауап берді

Арыс әкімі Мұрат Қадырбек басшылық қызметте жүрген жылдар ішінде өзінің не істеп, не қойғанын жақсы білетінін айтып ақталды, деп хабарлайды Stan.kz өңірдегі тілшісі. 

Арыс әкімі

Жарылыс орын алған Арыстағы әскери бөлімге жақын орналасқан аумақта жерлер заңсыз берілген бе деген сұраққа жауап берген әкім қолында ондай нақты мәліметтің жоқтығын жасырмады.

«Біріншіден, ол айналасында заңсыз берілген жерлер туралы мәлімет менде жоқ. Екіншіден, ол жерде, яғни, «Көктем-1» шағын ауданында мен ешкімге жер берген жоқпын. Мен өзімнің не істеп, не қойғанымды жақсы білемін. Ол жерде заңсыз біреуге жер бердім деп айта алмаймын.

Тәртіп бойынша берілуі керек жердің бәрі. Онымен келісемін толығымен. Негізінен онда 2007 жылдан бастап жер беріле бастаған. Мендегі мәліметке сәйкес, сол 2007 жылы қаланың бас жоспары бекітілген және шекаралары анықталған. Сол шекара шеңберінде жерлер беріліп, үйлері салына бастаған», - деді Мұрат Қадырбек.

«Демек сіздің есебіңіз, болжамыңыз бойынша ол шағын ауданда жерлердің ешбірі заңсыз берілмеген бе?» деген сауалға қала әкімі оны құзырлы органдар анықтап, қорытынды шығаратынын, ал жердің заңсыз берілуіне өзінің түк қатысы жоқтығын тағы да қайталап айтты.

Еске салсақ, 24  маусым күні Арыста әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, салдарынан қала тұрғындары қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл жағдайды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бақылауға алып, оқиға орын алған қалаға арнайы келді. Кейінірек қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тілшілерге берген бір сұхбатында жарылысты табиғи апат деп айтып, елдің сынына қалды.

Ал апта басында президент Тоқаев қорғаныс министріне Арыстағы жағдайға байланысты қатаң сөгіс берді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Арыста арсеналға жақын аумақтан жер берген шенеуніктердің жауапқа тартылатынын айтты.

Айта кетейік, қазіргі таңда жойқын жарылыстың себеп-салдарын анықтау бойынша тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер қатаң жазаланатын болады.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Барлықтарыңызға кеңес беремін": Асқар Мамин 18 мыңға Ақтөбе облысында күрте сатып алды

Аталған компания өңірдегі кәсіпкерліктерге киім тігумен айналысады

Түркістан облысында көпбалалы ана үшемді өмірге әкелді

31 жастағы ана 7 баланың анасы атанды

Жыныстық қатынасқа күш қолданбай түскісі келген: Қарағандыда 52 жастағы педофил ұсталды

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды

"Қалайтындар ақымақ өшуіңді": Гүлзира Айдарбекованың жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Желі қолданушылары әншіге ұзақ ғұмыр тіледі

Жүрегіңіздің иесін іздеп жүрсіз бе? Онда осы өңірлерге барыңыз

Қазақстандағы әйелдердің саны 566,5 мың

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 24-26 тамызға арналған болжам

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді
Çàãðóçêà...