Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен кіммін сонша?!": Димаш Құдайберген жанкүйеріне автограф беруден бас тартты

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген автограф сұраған жанкүйерінің өтінішін орындаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://dimashnews.com/

Өнер иесі Прагада жанкүйерлерімен кездескен болатын. Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.  

“Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем, – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.



Сондай-ақ эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне алғыс айтып, концертіне шақырды. 

"Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз. Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Алла бәріңізге разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жаттқан Аллама сансыз шүкір айтамын! Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше", – деп жүрекжарды тілегін білдірді әнші.

Еске салайық, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Димаш Құдайбергенмен жолыққанын жазған едік. 

Талқылау