Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекет бір тиын жұмсап жатқан жоқ": Білім министрлігі отандық онлайн платформалардың жұмысын қалай қадағалайтыны туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық онлайн платофрмаларға мемлекеттің қанша қаражат бөлетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр, білім беру платформаларын мектептің өзі таңдап жатқанын түсіндірді. Қай жүйе бәсекеге қабылеттілік танытса, оқушылар сол жүйенің негізінде білім алады, дейді ол. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан платформаларды дамытуға, дайындауға бірде бір қаражат бөлінбегені белгілі болды. 

"Бізде қазіргі уақытта сегіз платформа жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі күні мемлекет плафтормаларды дамытып, дайындау бойынша бірде бір тиынын жұмсап жатқан жоқ. Өндірушілер өздері ұсынып, бәсекелестіктің арқасында мектептер қолайлы платфомаларды таңдап, сабақтарын өткізіп жатыр. Қазіргі таңда 8 платформа дайындалып, балаларға сол жүйелер арқылы білім берілуде", - дейді Аймағамбетов.

Еске салсақ, білім және ғылым министрі қашықтан оқытуға 70 миллион доллар бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарған. 


Талқылау