Қазақстандықтарға жинақтарды басқару мүмкіндігі беріледі: Мемлекет басшысы зейнетақы жинағын алу туралы пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында әлеуметтік қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз әлеуметтік қамтамасыз ету саясатын қайта жүктеуіміз керек. Мемлекеттің басымдығы неғұрлым осал азаматтарды қолдау болуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік көмектің атаулылығын және оны алу кезінде тиісті талаптарды күшейту қажет", - деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатқанын айтты.
"Біз маңызды реформаны – зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар, азаматтарға өз жинақтарын түрлі құралдар арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет", - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді