Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Меломен" тобы өздеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Күні кеше желіде жариялаған «Меломен» тобының жантүршігерлік фотолары ғаламторды дүр сілкіндірген болатын. Сонымен қатар, аталмыш үштіктің жігіттерін бәзбіреулер соққыға жығып, тіпті қаладаағы кафелердің бірінде пышақталғаны жайлы да ақпарат тараған еді. Stan.kz тілшісіне эксклюзиті сұхбат берген топ әншісі Ролан Қазретов пен бойзбенд продюсері Бауыржан Есебаев болған жайды толығымен баяндап берді.

«Аллаға шүкір, аман есенбіз! Телесериалға түсіп жатқанбыз, бұл картинада қарақшының рөлін сомдаймыз. Сол түсірілім барысында әр түрлі фотолар интернетке тарап үлгеріпті. Біз түсірілімнен кейін телефонымызды қосып қарасақ, өзіміз шошып кеттік! Жан-жақтан қонырау шалып, тыңдармандарымыз, жақындарымыз уайымдап жатыр екен…», – дейді Ролан жағымсыз ақпарат жайлы.

Бүгінде түсірілімдегі кадрларды рұқсатсыз желіге жүктегендер іздестіріліп жатқан көрінеді. Дәл қазіргі таңда сол күні түсірілімде болған бейтаныс адамдарды анықтап жатқандарын жеткізді.

«Суретті кім салғанын білмей отырмыз, дәлелсіз ешкімге кінә таға алмаймыз. Арсыз адамдардың қастандығы ма, әзілі ме осылай информация таралып үлгеріпті», – дейді ашуға булыққан Қазретов.

Дүйім жұртты әбіргерге салған «Меломен» жігіттері алдағы уақытта қиянат жасағанды жанды анықтайтын болса, бірден Stan.kz редакциясына хабарлайтын болады. Қазіргі таңда қара пиардың құрбаны болған бойзбенд әншілерінің қарапайым халықтан кешірім сұрудан басқа амалы болмай отыр!

«Бүкіл тыңдармандарға, ағайындарға бәрі жақсы екенін айтқымыз келеді. Алаңдамаңыздар дегіміз келеді! «Меломен» тобында бәрі жақсы. Алаңдаушылық білдірген азаматтардан кешірім сұраймыз және рахмет айтамыз», – деп алғысын білдірген топ продюсері Бауыржан Есебаев алдағы уақытта қауесетке сенбеуге шақырды.

Оқи отырыңыз:

“Отасқанымызға 2 жыл”: Арман Қоңырбаев Аша Матайға ерекше сыйлық жасады (фото)

Төреғалидің “майысып” би билеген видеосы жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

«Аll-Давайлық» Шоқан әке болуға дайындалып жүр

“Ninety one” тобының әншісін полиция құрықтады

Талқылау