"Мектепке сәттілік әкелу үшін": Директор мен бір топ ұстаз оқушыны қара магиямен құрбандыққа шалған
Үндістандағы Хатрас қаласында директор мен бір топ ұстаз мектепке сәттілік әкелу үшін оқушыны құрбандыққа шалған. Баланың денесі жатақхана төсегінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Daily mail
Полицейлердің айтуынша, жеті жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған. Кісі өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталыпты.
Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх, оның ұлы әрі сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды. Олар мектепке сәттілік әкелу үшін құрбандық шалу салтын жасаған.
"Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған", – деді полиция қызметкері Химаншу Матур.
Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"