Мексикалық ару “Әлем аруы-2018” байқауының жеңімпазы атанды (видео)
Мексикалық сұлу “Әлем аруы – 2018” байқауының жеңімпазы деп танылды. Ванесса Понс Леон 68-ші әлем аруы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“68-ші Әлем аруы титулы мексикалық Ванесса Понс де Леонға бұйырды, құттықтаймыз”, — деп жазылған байқаудың Twitter-дегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, мексикалық арудың жасы 26-да. Ол халықаралық бизнес бойынша білім алған. Ванесса – модель, жүргізуші әрі көптеген қоғамдық жұмыстарға қатысқан ерікті.

Айта кетейік, “Әлем аруы” байқауы алғаш рет 1951 жылы Ұлыбританияда өткізілген. Биылғы байқау Қытайдың Хайнань аймағына қарасты Санья қаласында өткізілген. Оған әлемнің 118 елінен келген сұлулар қатысқан.
Ал Қазақстан атынан қатысқан Екатерина Дворецкая үздік 30 қыздың қатарына кіре алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен